Баланың бойының өсуі неге байланысты?

Бес жасқа дейін бой өсуіне қалқанша безі гормондары мен өсу гормоны ықпал етеді. Ал жыныстық жетілу басталғанда, жыныстық гормондар басымдылық танытып, бой бірден өседі. Әдетте ер балаларда ол қыздардан екі жыл кейін жүреді. Қыз балалардың біраз уақыт қатарлас ұлдардан ұзын болатыны да сондықтан. Жасөспірімдік кезеңде бой шамамен 20-25 см-ге өседі.
Егер баланың бойының өсуінде қиындықтар болса, ата-аналары бірден дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Бой өсуінде артта қалушылық генетикалық, туа біткен, эндокринді немесе басқа да аурулар, дұрыс тамақтанбау, витамин жетіспеушілігі себептерінен болуы мүмкін. Ал баланың бойының жылдам өсуі гентикалық себептерге байланысты. Оған қоса, бойдың бірден өсуі ерте жыныстық жетілумен байланысты болуы ықтимал. Ерте жетілген баланың бойы бірден ұзарғанымен, біраз уақыттан соң қатарластарымен теңеліп, тіпті, олардан бойы қысқарақ болып та жатады.
http://islam.kz/