Семей әуежайына Абай Құнанбаевтың есімі берілді
Семей әуежайына ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ағартушының 175 жылдығына орай өзгеріп отыр.
Бастамына қалалық және аудандық қоғам белсенділері ұсынған. "Барлық құжатты облыстық ономастикалық комиссияға жібердік. Оның мақұлдауын алғаннан кейін материалдар республикалық комиссияға жіберілді. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында республикалық ономастика комиссиясы келісім берді", - дейді Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаева. Айта кетелік, Семейде Абай Құнанбаев өмір сүрген, оның есімімен театр, мұражай, қалалық кітапхана мен орталық көшелердің бірі аталған. Енді ақынның есімі қала әуежайына да берілді. Ол қайта жөндеуден өткеннен соң халықаралық статусқа ие болды.