Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы ашылды

Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы ашылды

    Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы ашылды. Оған ұлы ақынның мұрасына ерекше қызығушылық танытып жүрген азаматтар мүшелікке қабылданды.
Бұл жағымды жаңалық облыс орталығындағы «Достық үйінде» өткізілген мәдени шара барысында белгілі болды. Клубқа Абай мұрасына ерекше қызығушылық танытып жүрген 35 адам қабылданды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен мазмұнды шара барысында бірқатар азаматтар ой-пікірін білдірді. Олардың қатарында филология ғылымының кандидаты, доцент, абайтанушы Сара Бақтиярқызы, ұлы ақынның 200 өлеңін жатқа білетін жас филолог Елена Пак, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин, Абайдың бейнесін әсем бейнелейтін жас қылқалам шебері Жайна Балықбаева және өзге де азаматтар бар.
Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы абайтанушы Сара Бақтиярқызы сөз сөйлеп, дала данышпаны атанған тұлғаның мұрасы жөнінде өз пікірін білдірді. Жас ұрпақты Абайдай дананың кәусар бұлағынан сусындап өсуге шақырды. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин Абайдың Пушкин, Лермонтовпен ұштастырған бейнесі жөнінде ой бөлісті.
08 ақпан 2020 ж. 3 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 400 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам