Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » СУЫҚ ТИГЕНДЕ НЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

СУЫҚ ТИГЕНДЕ НЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

  Тұмау немесе ішек инфекциясы кезінде тамақ туралы ойлағымыз да келмейді. Алайда ағзаны энергиямен қамтамасыз ету үшін немен тамақтанатыныңыз өте маңызды. Ауырғанда кей азық-түлік пен сусындар ағзаны нашарлатады. Ауырып қалғанда жылдам жазылу үшін жеуге болмайтын тағамдарға тоқталайық.

Кофе
Кез келген ауру кезінде, соның ішінде ас қорытудың бұзылуы кезінде кофеден бас тартқан жөн. Кофе құрамындағы кофеиннің несеп айдағыш эффекті бар. Кофе ішкен сайын, кіші дәретке жиі барасыз. Ол сусыздануға, яғни ағзаның құрғауына әкеледі. Су теңгерімі иммунитеттің жұмыс істеуіне әсер етеді. Сондықтан ағзаның сусыздануы кез келген вирусты ауру немесе инфекция кезінде өте зиян.
Апельсин шырыны
Егер жөтел болса немесе тамағыңыз ауырса, апельсин шырынын ішпеген жөн. Ол тұмау кезінде тамақты тітіркендіруі мүмкін. Апельсин шырынының құрамында лимон қышқылы болады, ол ісіп тұрған шырышты тамақты тітіркендіріп, ауырып тұрған тамақ қалпына келуі ұзаққа созылады.
Тәттілер
Кез келген ауру кезінде тәттілерден бас тарту керек. Тазартылған қант бактерияны жоятын ақ қан жасушаларын (лейкоцит) уақытша басып тастауы мүмкін. Тәттілі үлпектен соң иммунитет бірнеше сағатқа әлсірейді.
Кола және кофеині бар басқа да газдалған сусын
Кез келген ауру кезінде кофеині бар газдалған сусыннан бас тартыңыз. Оның кофе секілді несеп айдағыш эффекті болады. Соның себебінен ол да ағзаны сусыздандырады. Сонымен қатар, мұндай сусындарда қант мөлшері өте көп. Ол иммунитет жұмысын әлсіретеді.  Қытырлақ дәмтатымдар
Қытырлақ картоп (чипсы) секілді тағамдарды жөтел және тамақ ауруы кезінде жемеген дұрыс. Қытырлақ тағамдар тамақты тітіркендіреді.
Сондықтан ол ұзаққа дейін жазылып болмайды.
Сүт
Мұрныңыз бітеліп қалса және қақырық кетпей жатса, сүт ішпеген жөн. Сүтті тағамдардан соң қақырық көп мөлшерде шығып, жағымсыз бола түседі. Сондықтан қақырық кеткенше сүт ішпей күте тұрыңыз. 
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/49948/

28 желтоқсан 2017 ж. 2 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам