Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » КОМПЬЮТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨЗІЛДІРІКТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙСЫЗ?

КОМПЬЮТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨЗІЛДІРІКТІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙСЫЗ?

  Кей адамдар күніне 8-10 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді. Біз компьютер мониторының алдында жұмыс істейміз, оқимыз, демаламыз және бұл біздің ағзамызды «жазасыз» қалдырмайды. Монитордың зиянды әсерінен көзімізді қорғау үшін мамандар компьютер алдында арнайы көзілдірік киюді ұсынады. Компьютерге арналған көзілдірік таңдар алдында мына ережелерді ескерген жөн. Көзілдірікті жұмысыңыздың түріне байланысты таңдаңыз. Егер сіз үнемі мәтіндермен жұмыс істесеңіз, контрастты көтеретін және жартылай тонды кетіретін көзілдірік қажет. Егер графикамен жұмыс істесеңіз, түстердің берілуін жақсартатын көзілдірік таңдаған жөн. Егер компьютерде ойын ойнау әдетіңізге айналса, жарықтанған линзасы бар көзілдірік қажет. Көпшілік дүкендерде әмбебап линзасы бар көзілдіріктер сатылады. Сіздің жұмысыңыздың түріне байланысты арнайы көзілдірік алғыңыз келсе, алдымен бірнеше оптиканы аралап шығуыңыз керек. Көзілдірік сатып алар алдында көз дәрігерімен кеңескен жөн. Дәрігер көзіңіздің көру жағдайын бағалап, қандай көзілдірік керектігін айтады. Компьютерге арналған көзілдірікті оптикадан немесе дәріханадан алған дұрыс. Сатушыда міндетті түрде тауар құжаты болуы тиіс. Көзілдірікке арналған сапалы линзалар Германия, Швейцария және Жапонияда өндірілетінін ескеріңіз. Егер күні бойы көзілдіріктен көзіңіз шаршамаса, ол көзілдірік сізге келеді дегенді білдіреді. Егер қолайсыздық сезіліп, көзіңіз ауырып, қышыса, таңдау дұрыс жасалмағандығын немесе тауардың сапасыздығын көрсетеді.



06 қараша 2017 ж. 2 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам