Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

 Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаға орай еліміздің әрбір аймағында «Туған жерге тағзым» акциясы белсенді түрде өтуде.
Аталмыш акция аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жыраулармен жұмыс секторының ұйымдастыруымен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-де «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты жыршы-термешілердің концерті болды.
Шара асыл да ардақты қарияларымызға рухани дем беру, өмірге сүйіспеншіліктерін арттыру, өнер мен мәдениеттің жаңалықтарымен сусындату мақсатында ұйымдастырылды. Концертке Сыр сүлейлердің шығармаларын, жыраулық дәстүрін насихаттап жүрген облысымызға танымал жыраулар Майра Сарсенбаева, Жарасқан Төлебай, Марат Сүгірбай, Ораз Әлішбеков, Зүлфия Баймырза, Еркебұлан Омаровтар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сексенге тарта көрермен қатысқан концерт өте жоғары деңгейде өтті. Шара соңында осы орталықтың қарттары мен тәрбиешілері жыраулардың өнеріне дән риза болып алғыстарын білдірді.

Ақтолқын СЕЙІТЖАППАР.
28 қараша 2017 ж. 1 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 272 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам