Құралай ханым:" Қосулы телевизордың жанына, балаларды да ұйықтатуға болмайды"
Қыздар телевизор қосып қойып, ұйықтап қалмаңдар! Қосулы телевизордың жанына, балаларды да ұйықтатуға болмайды.
⠀
Адам ұйқыға кеткенде, санасы өте әлсіз болады. Телевизордан шығатын, айқайлаған рок, рэп, жаман жаңалықтар, не болмаса, триллер, соғыс кино, ондағы адам өлтіру, т.б. қандай да болсын негатив, ұйқыдағы әлсіз санаға кіріп кетіп, алдағы өміріңізге, тура сол жаңалықты, не кинодағы сюжетті әкеліп беруі мүмкін...
⠀
Жас баланың санасына, әсіресе жүкті әйелдерге, құлағына еститін, көзіне көретін дүниеге өте сақ болып, үлкен сүзгіден өткізген дұрыс!
⠀
Оның орнына баланың жанына, бесік жырын, құран аяттарын, классикалық әдемі әуендерді қосып қойсаңыз, өте, өте тамаша болады
⠀
Мына карантинде күн мен түнді ауыстырып алдық
Түнде белсенді болып пост жазғыш мен ғана ма Әлде бүкіл #қазақинста осында ма?
Телевизор көретіндер бар ма? Өзім 2010 жылдан бері ТВ карамаймын. Соңғы рет былтыр, Елбасы қоштасқан эфирді басынан аяғына дейін табжылмай қараған екенмін сонымен #біттібәтимә