Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалықты бөлісті

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Меніңше, осы норманың арқасында кредит алатындардың жағдай жақсарады. Мәселен, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп", - деді Дәленов мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде қарызға ақша алатындардың арасында қаржы жағынан сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы мүмкін. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады. Соның салдарынан қаржылық тәуекелдер туындап жатады.

"Енді, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Басшыларына және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деп атап көрсетті Дәленов.

Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасы аясында микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, құжатта зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.



04 қараша 2020 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30