НҰР-СҰЛТАН - ЕЛІНІҢ ҰЛЫНА ЖАСАҒАН ТАРТУЫ
Сыр бойы диқандары Елбасымыздың 19 наурыз күнгі мәлімдемесін үлкен толқыныспен, әрі қимастық сезіммен қабылдадық.
Еліміздің енсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебемізді әлемге әйгілеген Нұрсұлтан Әбішұлына Сыр еңбеккерлері атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!
Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласына үздіксіз қамқорлығыңыздың арқасында облыс диқандары инновациялық тәжірибелерді, цифрлық технологияларды енгізуге, заманауи ауылшаруашылығы техникалары мен технологияларды сатып алуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде соңғы 5 жыл қатарынан күрішшілер облыстың тарихында болмаған рекордтық өнімді алуда. Жыл санап экспорт көлемі ұлғаюда.
Осы кезеңнің өзінде күріштің экспорты 3 есеге өсті. Кеңес дәуірінде біз мұндай нәтижені армандай да алмайтын едік!
Елбасының ауылдық жерге деген айрықша назарының арқасында, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, ауылдар ажарланып келеді.
Еліміздің қай саласына болмасын өз қолдауын білдіріп келе жатқан Елбасымыздың құрметіне Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсыныстың оң шешім тапқанына қуаныштымыз. Бұл – елінің ұлына жасаған тартуы, көрсеткен құрметі болмақ.
Абзал Ералиев,
Қазақстанның Еңбек Ері.
Қазақстанның Еңбек Ері.