Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Министрлер мен әкімдер проблемаларды жасырмауы тиіс

Министрлер мен әкімдер проблемаларды жасырмауы тиіс



– Әкімдер мен министрлер орын алған проблемаларға қатысты халық алдына шығып, жауап беруден қорықпауы керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, орын алып отырған проблема жайында үндемей қалу – жұмыстың ең нашар нұсқасы. Адамдардан тығылмай мән-жайды анықтап, жауапкершілікті мойынға алу керек. Бізде халыққа шығып, бұл сұрақтарға жауап беруден қорықпайтын, проблемаларды шешетін әкімдер де, министрлер де бар. Бердібек Мәшбекұлы (ҚР Үкімет басшысының орынбасары Сапарбаев), вице-премьер болып тағайындалуыңмен құттықтаймын. Баяғыдан бері осы жер сенің орның еді. Төрт облыста әкім болдың. Соның бәрін көрдің. Бастаған кезде халықтың арасында жүрдік сол уақытта. Елмен сөйлесіп жүрдік. Айтқанымызды ел түсініп жүрді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Елбасы шағын проблемаларды жедел шешу қажеттігіне назар аударды.
«Адамдарды өміріндегі ең кішкентай мәселелер толғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл әкім үшін деңгей емес қой, иә? Сумен айналысудың қажеті қанша? Ал адамдар үшін – бұл өмірінің мәні. Ауылда жол жоқ. Бұл ол үшін – өмірі, ал біздер үшін – болмашы нәрсе. Біздер жаһандық мәселелерге құлаш сермейміз. Сондықтан адамдарға жақын болу керек. Партияның қоғамдық қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс», - деді Н.Назарбаев.



21 тамыз 2019 ж. 1 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам