Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айгүл Иманбаеваның жұртты шулатқан "сүйіктісінің" кім екені белгілі болды

Айгүл Иманбаеваның жұртты шулатқан "сүйіктісінің" кім екені белгілі болды

   Әнші, кино және театр актрисасы Айгүл Иманбаеваның су жаңа клипі жарық көрді. Бейнебаянда "сүйіктісінің" рөлін сомдау үшін Иманбаева спорт жаттықтырушысы Акбар Жармағанбетовты таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көргім келеді" атты әніне түсірілген клип сюжеті махаббатқа құрылған. Иманбаева мен Акбар Жармағамбетов спорт кешенінде танысып, бір-біріне ғашық болған екі жұпты сомдайды.

Көзі қырағы көрермендердің арасында Айгүл Иманбаеваның шығармашалығын қолдап жазғандармен қоса, клиптегі актерлердің жас ерекшелігін айтып сынап тастағандар да болды.

"Тақырыпқа сай ән екен, шіркін, жас көңіл", "Актриса тым жас жігітті таңдаған сияқты", "Өзімен қатар актер табылмады ма?" - дейді желі қолданушылары. Ал екінші тарап: "Айгүл Иманбаеваның түрі де, фигурасы да 20 жастағы қыз сияқты. Сіз жайлы өсек-аян, жаман сөздерге мән бермеңіз" - деп қолдау білдірсе, енді бірі "Өте қатты ұнады, клип өмірден алынған, жүрекке жетті", деп жүрекжарды лебізін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Акбар Жармағамбетов - кәсіби бодибилдер, нағыз жігітке тән сымбатымен мыңдаған қыздың жүрегін жаулап жүрген фитнес-жаттықтырушы. Ол Аян Өтепберген, Ерік Хамидуллаев, Еркебұлан Дайыров сынды актерлерден бөлек, Баян Мақсатқызы, Мадина Балғабаева сынды көптеген аруларымыздың дене бітімін тартылған сымдай етуге көмектескен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева "сүйіктісін" көрсеткені жайлы жазған едік.
04 желтоқсан 2019 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 047 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам