Әнші Ердос Қанаевтың үлкен ұлы қайтыс болды

Қаралы хабармен Instagram әлеуметтік желісінде продюсер Ерғали Әбдірайымов бөліскен. Әбдірайымов жазбасында Ердос Қанаевқа көңіл айтқан.
"Айналайын Ердос бауырым!!! Абдурахим "періште" ұлыңды, Жаратқан Ием өз мейріміне алсын. Қайғыларыңа ортақтасып көңіл айтамын, - деп жазған ол.
Сондай-ақ Әбдірайымовтың жазуынша, жаназа ертең, сағат 14:00-де, Тұздыбастау ауылында шығарылмақ.
Қаралы хабарды оқыған желідегілер де Ердос пен оның отбасына қайғыра көңіл айтты.