Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жанар Дұғалова Бейбіт Кушкалиевтің бетін қайтарып тастады

Жанар Дұғалова Бейбіт Кушкалиевтің бетін қайтарып тастады

   Бейбіт Кушкалиев жаңа клипінен кейін көпшілік сынының астында қалды. Көрермендердің көбісі Бейбіттің "сүйіктісінің" өзінен тым жас болып көрінгені туралы айтқан, "Ел аузында" бағдарламасында.
"Жалпы ол кішкентай қыз емес. Екіншіден клипте адамның түрі маңызды. Ол қыз фотоға әдемі түседі. Маған қарағанда тым жас көрінетінін клипті түсіріп болғаннан кейін барып түсіндік", - деп ақталған әнші клипке басқа қыз түсу керек болғанын жасырмады.

"Мен клипке түсуге Жанар Дұғалованы шақырғанмын. Сен жақсы келесің, жасың да келеді деп ұсыныс тастағанмын. Өкінішке орай, ол шет елге кетіп, болмай қалды. Бірақ ол ешқандай мәселе емес. Хайп болып қалатыны сөзсіз", - деген әнші өзінен жасы кіші қыздарды клипке түсіретін жалғыз өзі емес екенін тілге тиек етті.

"Меладзенің клиптерін көретін болсаңыз өзінен 15-20 жас кіші қыздармен бірге түсіп жатады. Ол клиптің сәні деп білген дұрыс шығар. Өйткені, ол әйелім емес, ол қыз. Ол жай менің клипімде сомдаушы. Ешқандай онымен қарым-қатынасым жоқ. Солай түсіну керек. Әдемі дүние деп қабылдау керек", - дейді Кушкалиев.

"Хайпты міндетті түрде ойластырып жүреміз. Бәрібір хайпқа жақын нәрсе жасау керек. Дегенменде сөзі де, әні де дұрыс, еш жерден ұрланбаған ән болу керек", - деп сөзін қорытты әнші.

Айта кетейік, Дугаловамен Кушкалиев өмірде айырылмас достар. Бейтітің алғашқы хитінде Жанар Дугалованың дауысымен жарқ еткен болатын.
20 қаңтар 2020 ж. 1 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 032 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам