Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді

Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді

   ҚазАқпарат – Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп қолға алған жоба аясында бүгін қазақстандықтар Сәкен Майғазиевтың әуезді әндерін тыңдайтын болады. Алдағы уақытта тыңдармандардың ыстық ықыласына ие болған бірқатар өнер майталманына алаң ұсынбақпыз. Мемлекет басшысының бүгін берген бағасы біз үшін зор жауапкершілік жүктейтін үлкен абырой. Алдағы уақытта да елімізге төтеннен келген қиындықты бірге еңсеруге өз үлесімізді қосамыз. #Birgemiz», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, жұрт қиындықты еңсеруге «#Birgemiz» деп кіріскен тұста, Мәдениет және спорт министрлігі бірнеше онлайн-жобаны қолға алған еді. Олардың арасында өнер сүйер қауымға арналған «Карантиндегі жұлдыз» жобасы да бар. 23-наурыздан бастау алған жоба аясында кеше көрермендер тікелей эфирде еліміздің мақтанышы Роза Қуанышқызының әндерін тыңдады. Өздерінің онлайн-концерттерін бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жаңай берген болатын. Азғантай уақытта көрерменін тауып, өміршеңдігін көрсеткен жұлдызды жоба онлайн форматта жалғаса береді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірген болатын.

27 наурыз 2020 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам