“НАҒЫЗ ӘНШІ”: РОЗА ӘЛҚОЖАНЫҢ АНАСЫ ДОМБЫРАМЕН ӘН ШЫРҚАП, ЖҰРТТЫ ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО)
Роза Әлқожа қазақ эстрадасынан ойып тұрып орнын тапқан бақытты әнші десек, артық айтқандық болмас. Бұл күндері Розаның кіші інісі Әбдіжаппар Әлқожаның да халықтың ықыласына бөленіп жүрген жайы бар. Ал елдің қошеметіне ие болған қос өнер иесіне ән айту қабілеті ананың ақ сүтімен дарыған, деп жазады Stan.kz.
Төмендегі видеоны көрген жан бұл сөзімізге шүбә келтірмес. Анасының домбырамен ән шырқап отырған видеосын желіге Роза Әлқожа жүктеді.
“Біз бесік жырына осы əндерді тыңдап өскенбіз”, – деп жазды ол.
Желідегілер әншінің анасының даусына тәнті болғандарын жазған.
“Нағыз әнші екен апамыз”, “Апаның даусы әдемі екен”, “Міне фундамент”, “Апатай 100 жасаңыз, неткен керемет дауыс”, – деп тамсанды желі оқырмандары.