ТӨРЕҒАЛИ ӘН КЕШІНДЕ ЖАНКҮЙЕРІН КҮЗЕТШІДЕН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)
Төреғали Төреәлі “Айхай-25” атты ән кешінде гүл бермек болған жанкүйерін күзетшіден қорғап қалды, деп жазады Stan.kz.
Жас фанаттардың бірі Төрешке гүл беру үшін күзетке қарамастан, сахнаға шығып кеткен. Мұны кеш аңғарған қорғаушы қыздың артынан ілесіп, сахна төрінен бір-ақ шыққан. Сол сәтте қызды сүйреп әкетпек болған күзетшіні Ұлы дала баласы тоқтатты.
“Қойыңыз, гүлді беріп алсын. “Айхай-25″ деп жүргенде айхай боп кетпесін. Сахнаға шығып қойғаннан кейін ол үнді киноларындағы полицейлер ұқсап неге кешігіп жүрсіз”, – деп жұртты бір күлдірді Төреш.
Видеоны желіге журналист Марал Сатқанғалиева жүктеді.