"НҰР-МҮБАРАК" ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

Кездесу барысында басқарма басшысы Айдын Бөкенбайұлы облыс әкімдігі мен "Нұр-Мүбарак" университеті арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын айта отырып, университет ректорына биылғы жылы облыста өтетін шараларға оқытушы-ғалымдарының қатысатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, сапар аясында университеттің қызылордалық студенттерімен кездесу өткізілген болатын. Атап өту керек, бүгінгі күні "Нұр Мүбарак" университетінде 70-тен астам қызылордалық өз білімін жетілдіруде. Аталған университетте білім алған жастар облыс тұрғындарының рухани өрісін қалыптастыру, деструктивті діни ағымдар ықпалынан сақтандыру бағытында еңбек етуде. Осындай ниетпен басқарма басшысы Айдын Бөкенбайұлы биылғы бітіруші түлектерді Сыр еліне келіп еңбек етуге шақырды.