Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕСІМІҢДІ АСПАНҒА ЖАЗҒЫМ КЕЛЕДІ: АНАСЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАҒАН ЕРКЕ ЖҰРТТЫҢ ЖҮРЕГІН ЕЛЖІРЕТТІ

ЕСІМІҢДІ АСПАНҒА ЖАЗҒЫМ КЕЛЕДІ: АНАСЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАҒАН ЕРКЕ ЖҰРТТЫҢ ЖҮРЕГІН ЕЛЖІРЕТТІ

   Қолымнан келсе, есіміңді аспанға жазамын! Өмір сыйлаған анасына деген ақ тілегін Ерке Есмахан осылай деп жеткізді. Осыдан бір сағат бұрын анасын туған күнімен құттықтаған өнер иесі оған деген махаббатын жеткізіп, тыңдармандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мені 9 ай құрсағында көтерген, түн ұйқысын төрт бөліп мəпелеген, өмір бойы жүрегінде ұстап жүрген, тəрбие-білім берген, өнерге баулыған, сұлулыққа құмартып өсірген аяулы Анашымды құттықтаймын! Бүгін ол тағы 18-ге толып жатыр. Əлемнің бар жақсысын анашымның аяғының астына төсегім келеді, есімін аспанға жазғым келеді, даланың барлық əдемі гүлін теріп əкеп, құшағын толтырғым келеді…
Анашым! Мама! Алла күш-қуатыңызды арттыра берсін! Сұлу жүзіңізді мұң шалмасын! Жаратқан ием өміріңізді құт-берекелі ете берсін! Мен Сізге мəңгі қарыздармын! Папа екеуіңіз ескірмеген махаббаттарыңызбен бəріне үлгі боп жүре беріңіздер! Сізді қатты жақсы көрем! Сізге деген шексіз махаббатым мен құрметімді жеткізе алатын сөз жоқ шығар, сірə… Достар, көптің бірі – Қыдыр! Менің анама тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар. Мама инстаграмда отырады. Оқып, қуанады! Рахмеееееет!”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Ерке.
Әріптестері мен желі оқырмандары Еркенің анасын жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Еркенің ата-анасы Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжейдің отасқанына былтыр 50 жыл толған. Әнші Ақтөбе төрінде өзіне өмір сыйлаған жандарға арнап дүркіретіп той жасаған еді.
09 ақпан 2018 ж. 2 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам