Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ ӨЗІМЕН ӘН АЙТҚЫСЫ КЕЛЕТІН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ (ВИДЕО)

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ ӨЗІМЕН ӘН АЙТҚЫСЫ КЕЛЕТІН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ (ВИДЕО)

    Сәкен Майғазиевпен дуэт айтуды армандайтын арулар үшін таптырмас мүмкіндік! Әнші талантты қыздар арасында байқау жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

 Байқауға қатысу үшін Майғазиевтің репертуарындағы “Сен едің” әнінің бір шумағы мен қайырмасын шырқап, желіге жүктеу қажет. Жеңімпазға 7-наурызда Республика сарайынде өтетін ән кешінде Сәкенмен дуэт айту бақыты бұйырмақ.
 “Кәсіби және әуесқой әнші қыздардың назарына! АЛЛА қаласа, 7 наурызда өтетін жеке концертімде менімен дуэт орындауға байқау жариялаймын. “Сен едiң” әнінің бір шумақ, бір қайырмасын қайырсаңыз жеткілікті. Сәттілік!”, – деп бөлісті әнші Instagram парақшасында.
Айтпақшы, байқауға қатысуға ниет білдіргендер арасында Майғазиевтің көңілінен шығып үлгерген арулар да бар көрінеді. Әнші инста-парақшасында бірнеше таланттың видеосын жариялады. Айта кетейік, бұған дейін Сәкен “Сен едің” әнін Шамшынаһар, Маржан Арапбаева сынды өнер иелерімен бірге орындаған еді.
09 ақпан 2018 ж. 2 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 082 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам