Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ӨЗІНЕ ЕКІНШІ ӘЙЕЛ БОЛАТЫН ТОҚАЛ ІЗДЕП ЖҮРГЕНІН АШЫҚ АЙТТЫ

ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ӨЗІНЕ ЕКІНШІ ӘЙЕЛ БОЛАТЫН ТОҚАЛ ІЗДЕП ЖҮРГЕНІН АШЫҚ АЙТТЫ

   Танымал қазақ ақыны Балғынбек Имашев балаларына жақсы ана бола алатын жан іздеп жүргенін айтты. Ол әдеттегідей екінші, үшінші, тіпті төртінші әйел алуға кетәрі емес екендігін жасырмады. Көп әйел туралы ойын ол Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында жеткізді.
Айтыскер ақынның айтуынша, ол өзіне екінші әйел бола алатын жар іздеуде.

  Мұны ойламайтын еркек болмайтын шығар. Мен ғана емес, бүкіл еркек осы тақырып көтеріле қалса, жымыңдап, бойларына қан жүгіріп, көздері жайнап қалады. Мен ойлап қана қоймаймын, бұл жөнінде талай хабарға да қатыстым. Оң пікірімді білдіріп, инстаграм парақшамда анда-санда осы мәселені көтеріп қоямын. Мұның басқа адамдарға, әйелдердің шамына тиіп кететінін білеміз, бірақ халықтың санын көтеру үшін, жетім-жесірлер азаюы үшін қазаққа өте қажет.
   Шариғатта Алла Тағала не нәрсеге рұқсат берген болса, оның ешқандай зияны болмайды. Алла Тағала нені тыятын болса, оның қоғамға тигізетін зияны көп. Алла Тағала Құранда «зинаға жақындамаңдар, ол өте жаман жол» деп зинаны түпкілікті тыйып тастады да, екі, үш, төрт әйелге үйленіңдер деп, жақсылығы мол жағынан рұқсат беріп отыр. Бізде көбіне «екінші, үшінші әйел алады да, ажырасып кетеді» деген сын айтады. Бір әйел алғандар ажыраспай жатыр ма сонда?! Қалада әрбір үйленген екінші, ал Қазақстан бойынша әрбір үшінші адам ажырасып жатыр қазір. Осыншама ажырасқандар ертең кімге тиеді, оларды кім алады?
Өз басым көп әйел алуды құптаймын, қолымнан келгенше мен де сүннети амал жасаймын. Бала тәрбиесін қайдан бастаймыз дегенде, оның анасын таңдаудан баста дейді ғой. Сондықтан мен болашақ ұрпағыма жақсы ана іздеп жүрген адаммын, егер тағдырымда ондай адам кездесіп жатса, екінші, үшінші, төртінші әйел алудан ешқашан бас тартпайтынымды елге ресми мәлімдемесем де, Алланың бұйырғаны болады. Тағдырымызға не жазылғанын білмейміз ғой, аламын деген алмай, алмаймын дегендер керісінше алып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге мен оң көзқарастамын, жүрген жерімде мейлінше насихаттап жүруге тырысамын", - деді ол
12 ақпан 2018 ж. 2 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам