Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОТАНДЫҚ ӘНШІЛЕРДІҢ ГОНОРАРЫ ҚАНША?

ОТАНДЫҚ ӘНШІЛЕРДІҢ ГОНОРАРЫ ҚАНША?

   Ләйлә Сұлтанқызының "Өз ойым" бағдарламасында отандық жұлдыздардың бір тойдан алатын гонорарларының сомасы туралы айтылды. Той ұйымдастырушылардың айтуынша, Ерке Есмахан бір тойдан екі миллион теңге алса, "МузАрт" тобының гонорары 10 мың долларға тең деп хабарлайды NUR.KZ.
Отандық жұлдыздардың тойдан алатын гонорарлары елдегі экономикалық жайттарға байланысты өзгеріп тұрады. Мәселен, бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртас 10 мың долларға тойға шықса, араға аз уақыт салып ол гонорарын өсіріп жібергені туралы отандық БАҚ беттерінде жазылған-ды. Тойда дәуірі жүріп тұрған әншілердің қазіргі гонорары қандай?
Той ұйымдастырушысының айтуынша, Қайрат Нұртас бүгінде 2,5 миллион теңгеге тойға шығады.⠀
Елдің ашуына тиіп, кейіннен кешірім сұраған Төреғали Төреәлі болса, бір той үшін 7000-8000 мың доллар алады.
Еліміздегі гонорары ең қымбат топтардың бірі - "МузАрт". Олар әр тойдан 10 мың доллар көлемінде гонорар сұрайды.
40 минут бойы ән орындағаны үшін Ерке Есмахан да қыруар қаражат сұрайды. Мәселен, оның гонорары екі миллион теңгеге тең.
Жұлдызы жанып, актерлік кәсіптің жілігін шағып жүрген Тәуекел Мүсілімсіз қазір ешқандай фильм, ешбір клип түсірілмейтін болған. Қазіргі таңда оның тойыңызды басқарғанын қаласаңыз 3 000 – 5000 долларыңызды дайындап қойыңыз.
Ең қымбат асабалардың бірі саналатын Азамат Сатыбалды да өзге жұлдыздардан қалар емес. Кәсіби актер қазіргі таңда мерекелік іс-шараны 1,5 миллион теңгеге басқарып беруге дайын.
17 сәуір 2018 ж. 2 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам