«Бақытбек емес». Баян ағынан жарылды. Журналист Аман Тасыған «Talk Like» бағдарламасының жүргізушілік тізгінін өз қолына алғаннан бастап, әншілердің жасыратын, жасырмайтын дүниелерінің бәрі жарыққа шығады. Әншілердің ғана емес, атышулы жұлдыздардың барлығы да Аман Тасығанның қонағы болған. Бірақ журналистің қитұрқы сұрақтарынан қашып өту мүмкін емес.
«Талқылайық» бағдарламасының кезекті қонағы Баян Алагөзова болған екен. Аманның сұрақтарын үнсіз қалдырып продюсер аман қалды. Бірақ, үндемесе де біраз жайттың болғандығын білдіріп те қойды. Мәселен, журналистің «Баянды әйел қылған кмі? Бақытбек пе?» деген сұрағына продюсер қысыла жауап берді. Жауап бергенде қалай, бұл бағдарламаның әке-шешесі көретінін ескерте келе, сұрақты үнсіз қалдырды. Бірақ, мұның өзі бір жауап емес пе?