ҚАЙНАР АЛАГӨЗОВ “ХИТ” ӘНГЕ 1000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕГЕН ӘНШІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Төреғали мен Еркенің репертуарындағы хит әндердің мәтінін жазған ақын Қайнар Алагөзов жетістікке жетудің сырын ашты. Ол “хит” әндер үшін қанша қаламақы сұрайтынын жасырмай айтты.
Бұл туралы Алагөзов “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Бұл енді бір жағынан Төрешке және маған Алланың берген бағы деп есептеймін. Әйтпесе бір ақын ағамыздың айтқаны бар: “Қайнар, сенің жазғаныңды мен де жазып жатырмын. Бірақ сенің өлеңдеріңнің хит боп кетіп жатқаны Алланың берген бағы”, – деп. Шынымен Алланың берген бағы деп есептеймін”, – дейді ағынан жарылған Алагөзов.
Иә, Алагөзовтің қаламынан туған туындылар біраз әншіні танымал етті. Олардың бірі ақынға алғысын аямады, ал екіншілері шама-шарқына қарай есептесуге тырысты.
“Менде қанша тұрады деген жоқ екен. Кей адамдар: “Әнді қаншаға жазасың?” – деп сұрайды. Мен: “Қаншаға дегеннен гөрі қашан жазасың?” деген дұрыс шығар деп айтамын. 1000 теңге бергендер де бар, 20 миллион теңге бергендер де бар. Сондықтан бұл жерде нақты бағасын айтпағаным дұрыс шығар, халықтың өзі бағасын беріп отыр ғой”, – дейді Қайнар Алагөзов.