Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НҰРБОЛАТ АБДУЛЛИН АЛМАТЫДА КОНЦЕРТ БЕРУ ҮШІН ҮШ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДЕН БАС ТАРТТЫ

НҰРБОЛАТ АБДУЛЛИН АЛМАТЫДА КОНЦЕРТ БЕРУ ҮШІН ҮШ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДЕН БАС ТАРТТЫ

   Жуырда алматылық тыңдарманымен қауышқан Нұрболат Абдуллин үшін бұл концерттің орны бөлек! Танылғанына көп бола қоймаған әнші бұл кеште өзін жан-жақты қырынан көрсетуге тырысқан. Әр іске жауапкершілікпен қарайтын Нұрболат тіпті, тәуекелге бел буып, концерт өткізу үшін үш бөлмелі пәтерінен бас тартыпты.

Әнші “Жұлдыз” арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сұхбат беріп, болған оқиғаны баяндады, деп жазады Stan.kz.
“Шын мәнісінде Алматы қаласының ортасынан өзіме үш бөлмелі жеке пәтер алайын деп тұрған жерімнен бас тартып, ол қаражатты алғашқы үлкен концертіме құйдым. Құрбан деуге де болмайды, ол – тәуекел. Мен өзімді қазақтың өнері үшін жаратылған адаммын деп есептеймін. Сондықтан пәтер де, көлік те ешқайда қашпас. Бірақ дер кезінде әннің буы басылып қалуы мүмкін. Сондықтан да қазір тай-тұяғымыз қызып тұрған кезімізде халыққа мүмкіншілігімді, соның ішінде жанды дауыста біршама әнге дейін, стильге дейін, жанрға дейін көрсеткім келді”, – деді ол журналист Марал Сатқанғалиеваға берген сұхбатында.
Ағынан жарылған әнші бұл сөзінен кейін елдің шулап кететінін біледі. Алайда ештеңеге қарамастан, мүліктен бас тартқанына өкінбейді. Себебі ол үшін өнер – бірінші орында.
“Мысалы, кей тыңдармандар менің домбыра тартатынымды білмейді. Көбісі академиялық тұрғыда ән айтатынымды білмейді. Сол жағынан осы концертте бір шолып өттім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіншілік болды. Өзіме жасаған сыйым деп ойлаймын. Әуелі Алланың арқасында. Бұл сұхбаттан кейін біраз дүние болуы мүмкін. Бірақ енді айтылуы керек дүние болған соң айтып жатырмын. Мен оған ешқандай қысылмаймын, намыстанбаймын. Себебі ол өзім үшін жұмсалған, осы өнерімнің айналымымен келген қаражат болғаннан кейін, керісінше рахаттанамын”, – дейді Нұрболат.
22 мамыр 2018 ж. 1 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам