Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ ХАЛЫҚҚА ДЕГЕН РЕНІШІН ӨЛЕҢМЕН ЖЕТКІЗДІ

ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ ХАЛЫҚҚА ДЕГЕН РЕНІШІН ӨЛЕҢМЕН ЖЕТКІЗДІ

    Әнші Төреғали Төреәлі басынан өткен жайсыз жайттан соң бұрынғыдай белсенді емес. Ара-тұра әндерін жарыққа шығарып тұрғанымен, өнер иесі халықпен кері байланысқа шықпайтын болған. Үлкен сынға іліккен соң, әншінің мысы басылып қалғандай, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бір жағынан, басына іс түскенде әріптестерінің қолдамай, қарсы шыққаны да Төрештің жанына батқан. Тіпті, жуырда үшінші рет әке атанған кезде көптеген өнер өкілдері Төреғалиді бұл қуанышымен құттықтамаған көрінеді. Бұл туралы әншінің әкесі Төреәлі Төлепов айтқан болатын.
Бұған дейін әкесі журналистер арқылы ұлының сахналық әріптестеріне ренішін жеткізсе, бұл жолы Төреғалидің өзі халыққа мұңын шақты. Ол іштегі ойын ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңімен жеткізген.
«Жұрт маған неге жауықты?»,
Деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
Талантсыздардың ішінде.
Жан жетпегенмен жүйрікке,
Ызыңдар зулап соңында оқ.
Сыйламастардан сый күтпе-
Кемеңгер-жалқы, тобыр көп.
Бір өзі көкке өрлей ме,
Кездеспей жолында орсыз жер.
Тобырға мазақ ол кейде,-
Өзімізбен бірдей болсын дер.
Тумысы бөлек кемеңгер
Көсем болуға ұмтылмас.
Қара бас қамын жегендер
Қаракет етуден бір тынбас.
Өтседе өмір: алды жар,
Тылсым ба маңы, сор ма арты,
Халқының даңқын қалдырар
Түбінде әйтеуір сол жалқы”.
Бұдан кейін әнші әйгілі ирландиялық драматург Бернард Шоудың сөзін келтіріп, өзінің қайта аяққа тұратынын жеткізген.
“Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек”, – дейді ол.
15 маусым 2018 ж. 1 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам