ЖІГЕР АУЫПБАЕВ “МЕЛОМЕН” ТОБЫНА ҚАТЫСТЫ ШЫҢДЫҚТЫ АЙТТЫ
Жігер Ауыпбаев жеке өмірін халықтан жасыратын өнерпаздардың қатарында. Әнші осы уақытқа дейін жұбайы, отбасы туралы айтқан емес. Сондай-ақ, “Меломен” тобының экс-әншісі шығармашылықтағы жаңалықтарын да елге толық айтпайды екен.
“Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасында Жігер “Меломен” тобына қатысты әңгіменің шетін шығарды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Не жағдай болғанын айтқан жоқпын, ақиқаты әлі айтылған жоқ. Ол кісілер: “өзі кеткісі келді”, – деп айтуы мүмкін. Солай естіп те жатырмын. Бірақ олай емес.
Той-томалақ пен концерттерде кездесіп қаламыз. Ол кезде амандасамыз. Одан әрі аспайды. Расын айтайын, мен топтан ренжіп кеттім”, – дейді Жігер.
Алайда әнші сол күйі жігіттермен не үшін араздасқанын айтпады.