ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА КҮЙЕУІНЕ АРНАП БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ (ВИДЕО)
Гүлнұр Оразымбетованың шығармашылығында тың өзгеріс. Әнші алғаш рет күйеуіне арнап ән жаздырып, романтикалық бейнебаян түсірді. Әрі алғаш рет басты кейіпкерді өзі сомдады, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
“Мәңгілік маxаббатыма арналып жазылған ән. Бүгіннен бастап жаңа бейнебаяным сіздерге жол тартты! Маxаббатты қанша жырласақ та ол шетсіз, шексіз сезім. Менің де көптен ойлап жүрген маxаббат әні дүниеге келді. Музыкасын жазған талантты да супер композитор Ұшқын Жамалбек, сөзі Нұрбол Ибраевтікі”, – дейді Оразымбетова.
Әнші ұзақ ойланбастан аталған әнге бейнебаян түсіруді ойлаған. Бұл салада тәжірибесі мол продюсер Гүлнұр Мамасариповадан ақыл-кеңес сұраған. Клипте басты рөлді Гүлнұрдың өзіне беруді осы продюсер ұсыныпты. Ал шынайы сезімді жеткізе алатын актер деп Азиз Бишеналиевті таңдаған.
“Басты рөлде өзің ойна деген ұсынысы мен үшін күтпеген дүние болса да, келістім. Себебі өз жүрегімнің иесін мен ғана сезем, білем ғой. Клипте екі адамның арасындағы сезімнің ұзақ уақыт бойы өмір сүргені жайлы. Бір-біріне деген адал, таза, пәк сезімі баяндалды. Бірақ маxаббат болған жерде бірге өмір сүру бар ғой.
Барлығыңызға сүйген жаныңызбен мәңгілік бірге болуды жазсын. Осы әнді тыңдап, бейнебаянды көрген адамның жүрегі “лүп” етері сөзсіз. Актерды да Гүл әпше таңдады. Азиздің нағыз проф-актер екені бәрімізге белгілі, бірақ клипте бой көрсетуі алғаш рет десе де болады. Раxмет, Азиз, өзіңнің сьемкаларыңның арасында уақыт бөлгенің үшін”, – деп атап өтті Оразымбетова.