АРЫНБАЕВ ПЕН БОЛМАНОВТЫҢ ҰЛДАРЫ НЕГЕ АРАЛАСПАЙДЫ?

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Біздің өз арамызда береке-бірлік, ағалық және інілік ізет деген бар. Мен мысалы Мейрамбек, Сәкен, Саят ағаларымның алдына шықпағанмын”, – дейді Қайрат Нұртас.
Сол сияқты “АБК” тобының ұл-қыздары балалық шағын бірге өткізген. Алайда кейінгі кезде Қыдырәлі Болмановтың тұңғышы Бекболат пен Медеу Арынбаевтың ұлы Дәулет бұрынғыдай араласпайды екен.
“Онша араласпаймын. Ол Астанада, мен Алматыда. Кішкентай кезде ғана дос болғанбыз. Қазір араласпаймыз”, – дейді Дәулет Арынбаев.
Ал Медеу Арынбаев бұл кемшіліктің орнын толтырмақ.
“Жалғасады. Хабарласып тұрады. Сыйлайды. Одан кейін менің достарымның ұлдары бар. Менің қызым менің достарымның қыздарымен… Жеңіс Сейдоллаұлының қызы екеуі қатты араласады”, – дейді Арынбаев.