Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА БАР ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА БАР ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ

   Айгүл Иманбаева келер жылдың наурыз айында шетелде той жасайды. Ашып айтпаса да, актриса екінші рет тұрмыс құруға дайындалып жатқанын меңзеген-тін. Иманбаева әр сұхбатында алда болатын той туралы айтып, елді қызықтырып жүр.
Бұл жолы Айгүл Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаннан кейінгі 20 жыл ішінде өмірінде болған ерлер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“20 жылдың ішінде қанша күйеуім болғанын білмеймін”, – деп күлген әнші өмірінде өзін “лақтырып кеткен” жігіттердің болмағанын айтады.
“Лақтырып кеткен, ондай менің басымда болмапты, шынымды айтсам. 2019-дан қалмаймын бұйырса. Мен жылда солай айтып, алдаймын. Бірақ осы жолы алдамаймын”, – деп ағынан жарылды ол.
Үнемі қалжыңдап сөйлейтін актрисаның қай сөзі әзіл, ал қай сөзі шындық екенін ажырату қиын. Десе де, Иманбаева сұхбат барысында сүйіктісімен бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқанын жайып салды.
“Мен бірге тұрып жатырмын ғой. Осы білмей қалатындарың-ай. Жоқ, негізі ойда бар, ниетте бар. Осы 2019-дан қалмауға тырысамын, шын айтам”, – дейді Айгүл.
Бұдан өзге, актриса адамдармен тез тіл табыса кетпейтінін мойындаған-ды.
“Мен өзі адам баласын жаныма жақындата салатын адам емеспін. Маған біреу бірдеңе айту үшін мың рет ойланып барып жақындайды, өйткені мыс бар. Көзқарасымнан да кейбіреулер қорқып, бата алмайды”, – деді ол.
05 желтоқсан 2018 ж. 2 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам