Артур Төлепов әке атанды

Актердің өзі қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөлісіп, сүйінші сұрады.
Белгілі болғандай, Артурдың жұбайы Мәдина ұл баланы дүниеге әкелген. Олардың тұңғышы 7 айлығында өмірге келіпті. Сондықтан жас әке перзенті үшін дұға жасауды сұрады.
«Сүйінші! Біз ата-ана атандық. Әлхамдуллилах! Періштемізді көктемде күткенбіз негізі. Бірақ 7 айымда да адам болам дегені шығар, бүгін есік қағып келіп тұр. Негізі айтқым келмеген, әлі кішкентай ғой деп. Бірақ көптің тілеуі көл болар дейді ғой, дұғада болыңыздар батырымызға», – деп жазды актер.
Ал Төлеповтың қуанышынан хабардар болған желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, бауы берік болсын десіп жатыр. Көпшілік актердің тұңғышының деніне саулық, өмір-жасының ұзақ болуын тіледі.
Айта кетсек, Артур мен Мәдина өткен жылдың маусым айында шаңырақ көтерген еді