Қайрат Нұртастың 200 мың теңгеге түскі ас ішетіні рас па?
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова туған күнін дүркіретіп атап өткен ұлын сынағандарға жауап берді. Продюсер ел арасында тараған Қайраттың "180-200 мыңға түскі ас ішетіні" жайлы қауесетке нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова кезекті жазбасын ұлын қатаң сынға алған желі қолданушыларына арнаған.
Әншінің анасы соңғы уақытта Қайрат Нұртасқа қатысты қауесеттің желдей ескенін жасырмады.
"Менің парақшамда "әпке Қайраттың 180-200 мыңға түскі ас ішетіні қаншалықты шындық" деп сұрақ қойылып жатқанына қарағанда, азғырушылар жұртты екі ойлы етіп тастаған сияқты. Тойға барғанымда, журналистер өтініш жасап, сұрақты жаудыратыны рас. Біреуінің сұрағы "Қайраттың табысы қанша? Оның 30 % пайызын өзі алатыны рас па" деп сұрады.Білгендей "сендерге сұxбат бергім келмейді. Жартысын кесіп тастап, кінәлі етіп бірақ шығарасындар" дедім. Сол сөзден кейін "мұншалықты іс жасамас" деген ой болып, көкірек кермей сұрақтарына жауап бердім", - деген продюсер ұлының жай асханадан тамақтана алмайтынын айтты."Мен 70 % пайыз ақшасын алғаныммен әні бар, клип, кино, киім, қаншама жұмыскерлердің айлығы, табысының салығы бар. Табысына қарап қайырымдылық пайызы тағы бар. Үйден бастап қаншама керек - жарағын өздеріне үнемдеп отырамын. Ал 30 % пайызын өзі алса, Қайраттың да беретін адамдары бар."Танымал болғандықтан, тамағының өзін жай асxанадан іше алмайды. Мейрамxаналардың қымбат екенін білесіздер. Кей кездері балалармен түскі астың өзіне 180-200 мың теңге кетіп қалуы мүмкін" дегенмін. "Күнде түскі асқа 200 мың теңге кетеді" демедім. Әр адамның өз табысына қарай өмір сүретіні анық", - дейді әншінің анасы.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова ұлының көшедегі адамдарға да қайырымдылық жасайтын әдеті барын баяндап берді.
"Көшеде біреу қайыр сұрап отырса, табысыңызға қарай 100-200 теңге беруіңіз мүмкін. Ал баламнан байқағаным: біреу көше сыпырып жүрсе де, кідіріп 10000-20000 теңге ұстатып кетеді. "Екі жүз теңгеге балаларына түк алып бара алмайды ғой. Берген соң дұрыстап берейікші" деген сөзін естіп, жүрегім жылып қалады."Неге сол ақшасына біреуге үй әпермейді" дейтіндер де көп. Оның не беріп жатқаны бір Аллаға аян. Сол себепті ғайбаттап сөйлеу артық. Неге ол жеп - ішпеу керек?! Ұрлық жасап, адам өлтіріп бір отбасыны зар жылатып тауып жатқан жоқ қой. Туған күн жасағаны біраз адамның өзегін өртесе керек. Қайратқа тиіскені аздай, бізді сығалай бастады", - деді Гүлзира Айдарбекова Instagramпарақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпан күні 30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншінің жеке мерекесіне екі інісі қымбат көлік сыйлады.
Алайда, туған күнінде уыстап ақша шашқан халық еркесі жұртқа жақпай қалды. Ол, тіпті, Ерке Есмаханмен бірге ақшаны таптап билеген.
Жұбайымен бірге мерекелік торт кескен әнші оны бірінші анасына ұсынды.