Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты

Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты

     Желіде әнші Мақсат Рахмет жобада жеңіске жету үшін Мейрамбек Бесбаевқа  жиырма мың доллар берді деген ақпарат тарады. Бұған әнші өзінің Instagram  парақшасында жауап берді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.   
Жұрт танымал әнші жоба жетекшісіне қомақты қаржы беріп, ақтық сынға жетуді көздейді деген пікірлерін жазған. Олар Мақсатты кімнің қолдап отырғанына байланысты да болжам жасапты.
"Әділетсіз болды!", "Жұлдызды жекпе-жек емес, жұлдызды жемқорлық болды", "Бұл жерде мафия бар", "Мақсаттың негізгі қолдаушысы – Мамасәріпова", "Жұлдызды жекпе-жекке жарық, дыбыс пен лэдті "А+" продюсерлік компаниясы (Алашұлының шаңырағы ғой) қойған екен", "Демек, Мақсат Мейрамбек ағаға 20.000 доллар берген (финалға шығарып беріңізші деп)", "Ақшаң болса болды, тақпақ айтып та өтіп кетеді екенсің..." - деп жазады желі пайдаланушылары.
Мақсат Рахмет жоба жетекшісі Мейрамбек Бесбаевқа ақша бергені жайлы сыбысты жала жабу деп бағалап, өзінің парақшасында қысқа жауап қайырды.
"Ал, барлығына жауап жазғым кеп отыр... Жылтыңдап, қайта-қайта жазғанша, бір-ақ рет жазайын! Күлкі күнінде адамның күлкісін келтіретін тағы қандай жалаларыңыз бар? Ескертемін! Өтірік жала жабу жақсы нәрсе емес..", - дейді "Алашұлы" әншісі өз жазбасында.
Айта кетсек, "Жұлдызды жекпе жек" - әр сенбі сайын отандық телеарналардың бірінде шығатын бағдарлама. Онда еліміздің эстрада жұлдыздары өзара бақ сынасады. Басты ереже – әншілер тек табиғи дауыспен ән шырқауы керек.

03 сәуір 2019 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам