«Өмір сүргім келмейді»: Әнуар Нұрпейісов Қазақстаннан неге кетіп бара жатқанын түсіндірді
Әнуар Нұрпейісов Қазақстанда өмір сүргісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Нұрсұлтан Құрманның youtube арнасына сілтеме жасап.
Белгілі әнші, актер Әнуар Нүрпейісов Қазақстанда тұрудың қаншалықты қауіпті екенін айтып, бірнеше айдан кейін шетелге көшетінін жеткізді.
Әнуардың пікірінше, елімізде қанша танымал адам болсаң да, кез келген уақытта өлім құшып кетуің мүмкін.
“Бұл елде жай жүру де өте қауіпті. Сіз чемпион болсаңыз да, машинаңыз болса да, қаланың қақ ортасында күндізгі сағат екі-үште болсын өлімге душар болуыңыз мүмкін”, – дейді ол.
Бірнеше айдан кейін шайдың отанына көшетінін хабарлаған Әнуар Нұрпейісов елден кетсе де, халықтың жүрегінде қала беретінін айтты. Оған қоса әнші саяхаттап жүрсе де, әлеуметтік желілерден алыстамайтынын еске салды. Әрі қарай шетелге кетуіне не себеп болғанын да жасырмады. Ескере кетейік, Әнуар Нұрпейісов бірнеше жылдан кейін отанға қайтамын, әзірге шетте жүргенім дұрыс деп шешкен.
“Мен негізі бір жарым, екі айдан кейін басқа елге көшемін. Шыны керек, Қазақстанда әзірге өмір сүргім келіп тұрған жоқ. Көшем деген сөз көпірлерді үземін дегенім емес. Саяхатта жүрсем де, медиа саласынан алыстамаймын. Әдеттегідей youtube және Instagram желісінде бой көрсетіп тұрмақпын. Дүние жүзін аралап, жұмыс істеп, мәдениеттерін танып, өзімді дамыту бүгінде алдыма қойған мақсаттармының бірі. Өз қаражатыма кетіп бара жатырмын. Ешқандайда оқу, білім алу үшін емес, өмір көру үшін шетелге аттанбақпын. Бұл үлкен туристік жоба. Бағытым – Үнді мұхитындағы Цейлон деген шайдың отаны”, – дейді Нұрпейісов.