Айдана Меденованың жаңа туындысының плагиат екені рас па
Әнші Айдана Меденоваға "Will.i.am бейнебаянын шетелдік әншіден ұрлап алды" деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.
Жағымсыз пікір жазатындарға арнап жаңа бейнебаян ұсынса да, Айдана Меденоваға хейтерлері маза берер емес. Енді көрермен оның жиендік жасағанын байқап қалса керек. Өнер иесін "Will.i.am бейнебаянын қайталап түсірдің" деп айыптаған.
«Екі бейнебаянның айырмашылығы өте көп. Онда Мона Лизаның суретін пайдаланған клиптердің барлығын плагиат деп айтуға болады. Қазір Настя Каменских бейнебаян шығарып жатыр екен. Онда ол да плагиат. Настя Каменских менен плагиат жасады деп айтуға болады. Бірақ олардың барлығы картиналардың қатысуымен түсірілген», - дейді Айдана Меденова.
Әнші өз туындысын плагиат деп атаудан аулақ. Оның үстіне бұл бейнебаянды бұрын-соңды көрмегенмін деп ақталды.