Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Опмайға жетпейді": Азия мен Бақай тобының жаңа клипі сынға ұшырады

"Опмайға жетпейді": Азия мен Бақай тобының жаңа клипі сынға ұшырады

   Осыдан төрт ай бұрын "Опмай-Опмай" деп әндетіп, қайтадан танымалдылыққа ие болған "Азия" мен "Бақай" тобы тағы бір жаңа әннің тұсауын кесті. Алайда бейнебаян жарыққа шыға сала, көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушылары "Атың өшкір кредит" деп аталатын әннің "Опмай-Опмай" секілді хитке айналмайтынын айтып, желіде түрлі пікір қалдырған.
"Осылар бір хит шығарса, есіріп кетеді екен", "Опмайдай" хит болмайды. Бірақ Бақай мен Азия қосылса жарады", "Әйтеуір бір өлеңдері хит болып кетсе, соған ұқсайтын қылып түсіреді бәрін. Сол үшін жаман болып шығады".
"Не болса соны шығара беретін болыпты ғой", "Түрлеріңе не болған?", "Асыра сілтедіңдер жігіттер", "Деңгейлері төмен түсіп кетті", "Көтерген тақырыптарың жақсы. Бірақ киімдерің мен әннің сөзіне, қимылдарыңа 3 деген баға".
"Енді кредит алып, тойға "Азия" мен "Бақайды" шақырайық", "Бір өлеңің хит, бір өлеңің ит болыпты ғой", "Не ән енді мынау?", "Кредит алып, той жасағандар мына әнге жынданып тұрып билейтін болды ғой".
"Құдай сақтасын! Мынау енді ән бе? Мән-мағынасы жоқ ән шығарып, еліміздің эстрада өнерін құлдыратып жібердіңдер", "Мыналарың қайтет?", "Білдей бір ел ағаларысыңдар. Жүрістеріңе болайын", "Мына әнмен босқа абыройларыңды түсіріп алатын болдыңдар".
"Өздерің осындай әндерді құртамыз деген едіңдер. Енді сондай ән шығарыпсыңдар ғой" деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, желідегілер арасында әнді ұнатып, өзекті тақырыпты қозғаған әншілерге ризашылық білдірушілер де бар.
Естеріңізге сала кетейік, Осыдан төрт ай бұрын жарыққа шыққан "Опмай-Опмай" әні 38 млн қаралым жинап үлгерген болатын.
15 мамыр 2019 ж. 1 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 075 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам