Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Білім керек": Қайрат Нұртастың анасы ұлының кемшілігі туралы айтты

"Білім керек": Қайрат Нұртастың анасы ұлының кемшілігі туралы айтты


Қайрат Нұртастың анасы ұлының басты кемшілігін жайып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына шетелден әртүрлі ұсыныстар түсетінін айтты. Алайда, әнші тіл жағынан осал болғандықтан, көп мүмкіндіктерді жіберіп алып жатқан көрінеді. Бүгінде ағылшын тілін оқуды қолға алған Қайрат Нұртас, биыл дайындық жүргізіп, келесі жылдан бастап әлемдік ареналарды бағындырмақ ниетте.
"Түріктер Қайраттың әнін жақсы көреді. Оған қоса, Рессейден, Америкадан ұсыныс түсіп жатыр. Бірақ Қайрат ағылшын тілін толық білмейді. Кішкене білім керек. Біраз жоспарлар бар. Келесі жылдан бастасақ деп отырмын. Биыл дайындық жылы болмақ", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Қайрат Нұртастан да талантты өнер иелері бар дейді продюсер. Дегенмен, әр әнші өзінің ерекше қырымен тыңдарманды баурап алады, сондықтан Қайрат Нұртас ол жағынан көш бастап тұр дейді ол.
"Қайраттың дауысы - диапазонмен айтылатын дауыс емес. Одан да мықты айтатындар бар. Бірақ, ол басқа жағынан жаулайды. Дауысы жағымды, халыққа ұнайды, жүрекке жетеді, жұртқа керек", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
06 шілде 2019 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам