Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ринат Зайытовтың әкесі ақын ұлы, отбасы жайлы тың деректермен бөлісті

Ринат Зайытовтың әкесі ақын ұлы, отбасы жайлы тың деректермен бөлісті

 Белгілі айтыскер Ринат Зайытовтың әкесі ұлы мен отбасы жайлы құпиясымен бөлісті. Рифхат Зайытов айтыскер ұлын өзге балаларынан ерекше тәрбиелегенін жеткізді деп хабарлайды KYN.KZ.
Рифхат Зайытовтың айтуынша, айтыскердің анасы оны дүниеге әкелгісі келмеген.
"Ринат дүниеге келетін кезде де қызық болды. Ол отбасындағы төртінші перзент. Анасы үш баладан қиналған болар, осыған келгенде дүниеге әкелгісі келмеді. Содан мен қарсылық танытып, бала 1983 жылы дүние есігін ашты. Ол кезде қиыншылық басталған кезең. Бірақ "баланы періштесі қағады" дейді ғой. Кез келген қиындықтан Ринат әйтеуір жолы болып, шығып кететін", - дейді Зайытовтың әкесі.
Сондай-ақ Рифхат Зайытов әйелімен Ринат мектеп қабырғасында оқып жүргенде ажырасып кеткендерін де жасырмады.
"Ол мектеп оқып жүрген кезде анасымен ажырастық. Ешқандай ұрыс болған емес. Осылай дастархан басында сөйлесіп, келісімге келіп, бір костюммен үйден шығып кеттім. Ринаттың алдындағы үш балам ажырасуымызға қарсы болып, реніштерін айтып жатты. Ринат бетіме бір ауыз қатты сөз айтқан емес. Сосын олар Семейге көшіп кетті. Сол жақта оның алдынан басқа адамдар жолықты. Сері, ақын кісілер оған жол көрсете бастады.Мен оған "Өзіммен қалғанда мен 11-сынып бітіртер едім. Мүмкін басқа салада адастырар едім" әр заттың қайыры бар деп айтамын. Отбасындағы қиындық Ринатты тәрбиеледі деп ойлаймын", - дейді Рифхат Зайытов.
Сонымен қатар ақынның әкесі екі үлкен ұлын ұрып тәрбиелегенімен, Ринатқа тіпті ұрыспағанын да жеткізді.
"Алдыңғы екі ұлды ұрып, соғып өсірдім. Қатал болдым. Ринатты ұрмақ тұрмақ, ұрысқан емеспін. Оған ақындық, серілік аталарынан келген. Өзімнің бабаларым кезінде танымал ақын болған", - деді айтыскердің әкесі.
kaz.nur.kz

11 шілде 2019 ж. 1 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам