"Рақмет, Мәке": Дана Нұржігіт жұбайына жантебірентерлік жазба арнады (фото)
Дана Нұржігіттің екінші рет шаңырақ көтергеніне екі жыл толған. Осы орайда тележүргізуші жұбайы Мұратқа Instagramпарақшасында жүрекжарды жазба арнап, көпшіліктің көңілін босатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тележүргізушінің айтуынша, бүгінгі таңда оның бірінші некеден туған ұлы екінші жұбайын "әке" деп атайтын болған.
"27 шілде күні Мұрат екеуміздің отасқанымызға екі жыл толды. Екі жылда еңбектегі табысымды, баламыздың жетістігін теңдей бөлісеміз. Ыдыс-аяқ та сылдырламай тұрмады,иә! Бірақ! Алаңсыз жұмыс істеп, оқуға түсіп, диссертацияға дайындалу тылдағы қамқоршымсыз мүмкін емес еді!Ал, мен үшін ең үлкен бақыт: Әлімнің өзіңе бауыр басып, "папа" деп іздеп отыратыны! "Шығармашылық адамдар - сендер біртүрлісіңдер, иә?!" деп қойып, аумалы-төкпелі мінезімді көтеріп жүрген саған рақмет, Мәке! Артық кетем кейде, кешірші", - деп жазды Дана Нұржігіт.
Естеріңізге сала кетейік, Дана Нұржігіт 2017 жылдың шілде айында Мұрат есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын.