Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қуандық Рахым: Қазақтан өзге ұлттың қызына ешқашан үйленбеймін

Қуандық Рахым: Қазақтан өзге ұлттың қызына ешқашан үйленбеймін

   Танымал әнші Қуандық Рахым қазақ қызынан өзге ұлттың азаматымен отбасын құра алмайтынын айтады. Сондай-ақ, ол өзінен жасы үлкен әйелдерге де ғашық болғысы келмейтінін бөлісті Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
-    Қуандық, сұрағымды әңгімесі таусылмайтын махаббат тақырыбынан бастайыншы. Сіздің түсінігіңіздегі махаббат деген не? Ол жасқа, ұлтқа қарай ма?
-    Махаббаттың нақты бір анықтамасы жоқ шығар. Әркім әрқалай түсінеді. Әр адам іштей сезінетін дүние. Шын махаббатқа жас та, ұлт та, дін де әсер етпейді деп айтады ғой. Бірақ, мен бұл қағидаға қарсымын. Мен үшін болашақ жарым менен кіші болуы маңызды. Және тек өзіміздің қаракөз қара қызын таңдаймын. Тек ұлты емес, жан дүниесі де, тәрбиесінің де қазақы болғаны маңызды.  Басқа ұлттың немесе жасы үлкен қызға ғашық болмауға жүрегіме бұйрық бере аламын. 
-    Ал алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?
-    Әрине, алғашқы махаббат бәріміз де болды ғой. Алайда, мен қазір өткенді қазбалағым келмейді. Себебі, ол қыздың қазір өз отбасы, бала-шағасы бар. Өткенді еске алып, адамдардың көңіліне селкеу салғым келмейді. 
-    Тіл-көзге сенесіз бе? Сақтану үшін қандай амалдар жасайсыз?
-    Тіл-көзге сенемін. Бірақ, қызыл моншақ тағып немесе басқа бір сондай амалдар жасаудан аулақпын. Тіл-көзден сақтанудың ең дұрыс тәсілі сүрелер оқып, дем салып, намазда дұға ету. 
-    Қазақ елінің азаматы ретінде еліміздегі қандай мәселе үшін қатты уайымдайсыз? Қаншалықты саясатқа қызығушылық танытасыз?
-    Әрине, мен де отанымды сүйемін. Елімнің болашағына алаңдаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «жер сатылады» деген сөздер шыққан кезде түн ұйқым төрт бөлінді. Осы жерден нәр алып, осы жерде туып өскеннен кейін қатты уайымдадым, қорықтым. Аллаға шүкір, қазір бұл әңгімелерге де, ниеттерге де тоқтау қойылды деді. Солай сенеміз. Мен  әрдайым халық жағындамын. Халықтың жақсы болғаны, халыққа барлығы жеткілікті болғаны, биліктің халықты алдамағаны, қанамағаны маңызды мен үшін. 
-    Домбырадан коллекция жинау ойыңызда бар ма?
-    Коллекция жинаймын деп айта алмаймын. Бірақ, домбыра менің серігім. Үнемі жанымнан тастамаймын. Бәлкім, болашақта сіз айтпақшы коллекция ретінде жинайтын шығармын. Өйткені, нағыз қазақылығымыздың дәлелі осы домбыра сияқты. Және әр шебердің қолынан шыққан домбыраның өз ерекшелігі болады. Менде әзірге екі домбырам бар. Ең қымбаты 180 000 теңге тұрады. 



16 тамыз 2019 ж. 2 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 528 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам