Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Концертке бару үшін: Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған

Концертке бару үшін: Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған

  Кішкентай қыз Ернар Айдарды көремін деп әкесінен ақша ұрлап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдараламасына сілтеме жасап.
Танымал әншінің концертіне қатты барғысы келген кішкентай қыз, әкесінен ақша ұрлап алып, билет сатып алмақ болған. Бұл бейнежазба желіде кең таралып кетті. Ернар Айдардың шығармашылығын ерекше жақсы көретін бүлдіршіннің қылығы жұртты таңқалдырған болатын. Бұл туралы Ернар Айдардың өзі айтып берді. 
"Мен дұрыс емес дүние деп айта алмаймын. Ол қызды анасы видеоға түсіріп алып, бізге жіберді. Қарадым да, тамсандым. Бала ақшаны қандай мақсатта ұрлап тұр? Арақ үшін емес,темекі үшін емес, клуб үшін емес. Мен жаман адам емес шығармын. Ернар Айдардың ән кешіне билет алу үшін ұрлады", - дейді Ернар Айдар. 
Әнші кішкентай қыздың әрекетін ұрлыққа санамайтынын айтты. Ол өзінің балалық шағын есіне алып, өзін жақсы көретін қыздың кім екенін жеткізді. Концертіне гүл алып келген бүлдіршіннің қылығына сүйсінгенін айтты ол. 
"Бала күнінде алғанын ұрлыққа санамаймын. Ал есейіп, ес кірген кезде жасайтын болса, ұрлық деп айтуға болады. Өзіміз де кезінде қауын ұрлағанбыз. Ол Шымкенттің қызы, концертіме келді, гүлін беріп, қуанышын көрсетті. Фанат бола білудің өзі өнер сияқты", - дейді Ернар Айдар. 
19 тамыз 2019 ж. 2 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам