Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМА": Жанар Хамитоваға арналған бейнебаян түсірілді

"ЖАЛҒЫЗ ҚАЛМА": Жанар Хамитоваға арналған бейнебаян түсірілді

   Әнді Жанардың өнердегі досы, қазақ эстрадасының жұлдызы Рысбек Аташ орындаған.
Жанар Хамитованың құрметіне түсірілген бейнебаян көпшіліктің қолдауымен жырққа шыққан. Өзінің инста-парақшасында Жанармен бірге ән салған күндерінің естеліктерін жариялап тұрған Рысбек осыдан бірер күн бұрын бейнебаян түсіретінін айтқан болатын. "Осы әнге бейнебаян түсірейін десем көпшіліктің ойы қалай болады екен деймін? Түсірейін десем тағы әңгіме болама деп, түсірмейін десем тағы ... Көпшіліктің ойын білгім келеді ертеңгі күні көпшіліктің кеңесімен деп сеннімен айтатын. Жанар екеуіміз 3 ші әнді жазып үлгермедік. Осы әнді оның құрметіне арнайын деген едім. Қалай ойлайсыздар, достар?", - деп жазған оқырмандарына сауал жолдаған әнші. Халық бұл жаңалықты қолдап, тіпті бейнебаянның сценарийіне де атсалысқан. Әншінің айтуынша, бейнебаян Алматы қаласында 21-22 қыркүйек күндері түсірілген. "Көптің қолдауымен басталған Жанардың құрметіне арналған бейнебаян түсірілімі бітті. Алла қаласа 2-3 күнде, арналардан немесе интернет жүйелерінен көре аласыздар. Барлық жазған ой пікірлеріңізді оқып, қызықты ойларңызды бейнебаянға қостық. Рахмет, бірге болғандарыңызға! Бастысы басталған іс аяқталды. Қолдауларыңызға алғыс білдіремін, - деді оқырмандарына алғыс білдірген әнші. Жалғыз қалма - Жанар мен Рысбектің жазып үлгермеген 3-ші әні. Енді біз оны тек Рысбек Аташтың орындауында тыңдаймыз.
http://ernur.kz​​​


24 қыркүйек 2019 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам