Аудиокассеталар қайта оралады – зерттеу
«Аудиокассеталардың сатылымы артты, дегенмен, магнитафон ленталары дефицит болып тұр», деп жазады Die Welt. Бұл жөнінде ҚазАқпарат мәлім етті.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ, Ұлыбритания, Германияда аудиокассетаның сатылымы артқан. Nielson Music компаниясының мәліметтеріне сенсек, 2018 жылы АҚШ-та аудиокассеталар сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 23%-ға, ал Ұлыбританияда 125%-ға өскен.
«Аудиокассеталарға сұраныстың артқаны соншалықты, АҚШ-тағы ең ірі өндіруші National Audio Company (NAC) шикізат дефициті туралы жариялаған. Олар магнитафон лентасын қабаттауға қажетті темір оксидінің (III) жетіспей жатқанын айтқан», - деп жазады басылым.
Автордың жазуынша, бұл шикізатты өндіретін жалғыз зауыт былтыр жөндеу жұмыстарына жабылған.