Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала ұйқысыздығымен күресу жолдары

Бала ұйқысыздығымен күресу жолдары

Ұйқысыздық (инсомния), яғни сергектік ырғағының бұзылуы балалар ағзасына өте жағымсыз әсер етеді, өйткені ұйқы кезінде соматотропин гормоны бөлінеді, ол баланың физикалық және ақыл-ой дамуы мен психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Егер бала ұйықтамаса немесе аз ұйықтаса, гормон аз бөлінеді және бұл баланың денсаулығына әсер етеді. Статистика бойынша, әрбір бесінші бала ұйқысыздықтың не екенін біледі, ал 4 жасқа дейінгі балалар арасында ұйқысыздық әрбір үшінші балада кездеседі.
Ұйқысыздықтың салдары қандай?
Егер сөз жаңа туған нәрестелер туралы болса, онда ұйқысыздықтың нәтижесінде олар баяулайды, жиі жұдырықтарын қысады, жылап, тамақтануы нашарлайды. Ұйқысыздықтан зардап шегетін ересек балаларда әдетте эмоциялық белгілер көп байқалады немесе керісінше, эмоционалдық сарқылу, олар құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастардан бас тартады, оларда эмоциялық жағдай күрт өзгереді (тіпті агрессия болуы мүмкін).

Ұйқысыздықтың себептері қандай?
Ұйқысыздықтың себептері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан олар бірнеше топтарға бөлінеді.
Балаңызды ерте жасынан бастап күнделікті тәуліктік ырғаққа үйретіңіз. Бұл күндізгі уақыт ойнауға, ал түнгі уақыт ұйықтауға арналғандығын түсінуге көмектеседі. Күндізгі уақытта баланы ұйықтата отырып, бала бөлмесіндегі пердені жарық түсетіндей шамалы ашып қойыңыз. Ұйықтап жатқан баланың жанында барынша тыныш жүру міндетті емес: оның ұйқысы – Сізге үйдің шаруасын бітіруге тамаша мүмкіндік береді.
Бала бөлмесіндегі тыныштық атмосфера елеуреген баланы ұйықысыраған балаға айналдыра алады, сондықтан бөлмеде қараңғылық пен жайлы температураны қамтамасыз етіңіз. Сондай-ақ, шамды өшірмес бұрын таза жөргек кигізу дұрыс болар.
Ауыр күннен кейін телешоу көріп демалуға қарсы емес шығарсыз, бірақ балаңыз тамақтанғаннан кейін тыныш және беймаза күйді қалайды. Ұйқыға кетудің босаңсу салтын қалыптастыра отырып, оған ыңғайлы күйге келуге көмектесіңіз.
Баланы шомылдырыңыз, кітап оқып беріңіз және үйдің тыныш бөлігінде оның жақсы көретін бесік жырын айтып беріңіз – осындай барлық әрекеттер кешкі салтқа өте жақсы келеді. Бастысы – күнде кешкі уақыттағы барлық әрекеттерді бір тәртіпте орындаңыз. Соңында шамның көзін азайтып, бала ұйықтамаған, әлі ұйқылы кезінде бесігіне жатқызыңыз – өздігінен ұйықтауға үйрене берсін. Баланы ұйықтау кестесіне үйрету үшін оны күнде кешке төсегіне бір уақытта жатқызу өте маңызды.
Әрине, тұмау, шығып келе жатқан тіс, түс көру және шуыл балаңыздың тыныштығын бұзуы мүмкін. Осы жайттарды ескермесек, біздің амалдарымыздың көмегімен балаңыз ұйқының қажетті мөлшеріне қол жеткізеді.


22 қазан 2019 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам