Банан қабығы ішек жұмысын реттейді
Банан қабықшасының құрамында көптеген пайдалы заттар бар. Біріншіден, банан қабықшасында ішек жұмысын реттейтін өзек бар. Сонымен қатар, оның құрамында магний, калий, А, С, В6, В12 дәрумендері, ақуыз бар. А дәрумені тістер мен жұмсақ тіндер үшін пайдалы, В6 дәрумені иммунитетті сақтап, ми мен жүректің қалыпты жағдайына жауап береді. Сондай-ақ ол қандағы қант құрамын реттеп, көңіл күйді жақсартады. Ал В12 дәрумені бас миы мен жүйке жүйесі үшін маңызды.
2011 жылы ғалымдар банан қабықшасында полифенолдар мен каротиноидтар бар екені туралы айтқан болатын. Осының барлығы жалпы алғанда метаболизмді жеделдетуге көмектеседі. Оған қоса, қабықшада калориялар жоқтың қасы. Ал өзек тоқтық сезімін ұзартады, оған қоса, оның холестеринді төмендететіні туралы мәліметтер бар. Таяуда ғалымдар банан қабықшасынан көңіл күйді жақсартатын гормон - серотонинді анықтаған. Сондай-ақ қабықшада шел ауруы мен макулярлық дегенерацияның дамуына жол бермейтін лютеин көп.
Алайда, диетологтардың атап өтуінше, банандарға пестицидтер көп себіледі. Сондықтан органикалық банандар сатып алу керек немесе оларды жақсылап жуған жөн. Қабықшаның өзін пісірілген, кептірілген күйінде немесе смузиге қосып жеуге болады.
Дереккөз: Reactor