Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы..

Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқасы тауықтың жұмыртқасынан басып озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең. Десе де, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.
Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасынан гөрі әлде қайда жоғары. Қрамы осындай азық пен жүйелі қоректенген адамның әр түрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сонымен қатар, бөдене еті мен жұмыртқасы адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал, жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады
Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы. Жапония мен Қытай да бірнеше ғасырдан бері оның етімен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келеді. Тіпті, Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі екен. Бұл балаларды бөртпемен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырып, иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.
Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпемен туберкулезге, қанқысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тигенмен тұмауға, асқазан, ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасымен гастритке таптырмас ем.  
28 қаңтар 2020 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам