Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМДЫ ЕРТЕ ҚАРТАЙТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

АДАМДЫ ЕРТЕ ҚАРТАЙТАТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

 Кейбір азық-түліктердің организмдегі теріні қалпына келтіріп, жаңартып отыратын процестерді бұзатыны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі medikforum.ru-ға сілтеме жасап.
Мамандар адам ағзасындағы жасушалардың жаңаруына кедергі жасап, ерте қартаюға себеп болатын азық-түліктің үш түрін атады.
Олардың айтуынша, қант және құрамында қанты бар тағамдардың барлығы ерте қартаюға әкеледі.
«Қан құрамында қанттың көп болуы терінің созылғыштығын бұзады. Бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сол себепті терінің қыртыстанған жерінде әжім пайда болады. Қанның құрамында қант көп кездессе инфаркт пен инсульт алу қаупі де жоғары», - дейді Елена Малышева.
Дәрігерлер терінің әжімденуіне әкелетін тағы бір тағам түрі – ет тағамдары екенін де атап өтті. Олар жартылай фабрикат, шұжық (колбаса) өнімдері. Мамандардың айтуынша, осы тағамдарда кездесетін фосфордың көп мөлшері белокпен әрекеттесіп, бүйрек пен қан тамыры жолдарын зақымдайды.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдері ағзаға өте зиян. Тіпті, алкогольді сирек тұтынудың өзі организмнің ерте қартаюына әсер ететін көрінеді. Себебі организмге енген спирт молекулаларын залалсыздандыру үшін өте көп сұйықтық қажет. Сондықтан ағзадағы ылғалдың жетіспеушілігі терінің жаңаруын тежеп, әжімдердің пайда болуына әсер ететіні анықталған.


12 желтоқсан 2017 ж. 2 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам