Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫ ҚАУПІН ҚАЛАЙТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ҒАЛЫМДАР ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫ ҚАУПІН ҚАЛАЙТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ


Аптасына екі уыс жаңғақ жеген адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыру қаупі төмен болады, деп хабарлайды
Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ға сілтеме жасап.
Гарвард университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді.
Зерттеуге 200 адам қатыстырылып, нәтижесінде жаңғақтың барлық түрі адамдарды ерте өлімнен сақтайтыны дәлелденген.
Бадам, жаңғақ, кешью, фисташка немесе пекан сияқты жаңғақтар қосылған тағамдарды аптасына бір немесе екі рет тұтынған адамдардың 23 және 15 пайызында жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі төмендеген.
Жаңғақтан басқа, осындай көлемдегі арахистерді тұтынған адамдарда жүрек қан тамыры аурулары 15 және 3 пайызға төмен болған.
Аптасына бір уыс не одан да көп жаңғақ жегендердің аурулары 21 және 19 пайызға азайған.
Жаңғақтың құрамында антиоксиданттар, белок пен нәрлі заттар, тағамдық талшықтар болуына байланысты пайдалы екені белгілі.
Жүрек қан тамырлары ауруларынан басқа жаңғақтар түрлі аурулардың алдын алуға, оның ішінде қатерлі ісік, диабет, тыныс алу жолдары ауруларына да көмектеседі.
«Біздің зерттеуіміз созылмалы аурулардың қаупін төмендету үшін тамақ рационына түрлі жаңғақтарды қосу қажет деген ұсынысты растады»,- дейді зерттеу жүргізген автор, диетолог Марта Гуаш-Ферре.
18 желтоқсан 2017 ж. 2 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам