Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СІЗ ДЫБЫСТАҢЫЗ, МЕН МІНЕЗІҢІЗДІ АЙТЫП БЕРЕЙІН

СІЗ ДЫБЫСТАҢЫЗ, МЕН МІНЕЗІҢІЗДІ АЙТЫП БЕРЕЙІН

  Адамның түрін көрмей дауысын ғана естігенде, мысалы, телефон арқылы сөйлескенде, оның қандай кісі екенін шамамен болжап, көз алдымызға елестете аламыз. Психологиялық тұрғыда, адамның дауысы арқылы оның мінезін, көңіл-күйін, тіпті ішкі дүниесін білуге болады екен.

Кейбіреуіне жақсы дауыс қаннан, ата-тектен дариды. Құлаққа жағымсыз естілетін дауыс та бар. Дауыс арқылы адаммен араласуға құлқыңның бар-жоғын анықтау қиын емес.
Мамандардың айтуынша, «ауызбен» және «тамағыңмен», «кеудемен», тіпті «ішіңмен» сөйлеуге болады. Табиғатынан адамның бүкіл денесі дыбыс шығарады (сәбилерде солай болады). Бірақ іштей қобалжудан кейін дауыс вибрациясы бүкіл денеден өтпей, алқымға тығылып қалады. Бұл дауыс ырғағына кері әсер етеді. «Кеудемен» сөйлеу ‒ кеудені вибрациямен толтыру деген сөз, демек «ішпен сөйлеу» ‒ ішті вибрациямен толтыру.
Психологтардың анықтауынша, сыңғырлаған дауыс адамның жас, қуатты екенін білдіреді. Дауыс зор болған сайын, қызмет те төмендей береді деген қызық түсінік бар.
Дауысы қатты шығатын адамдар болып жатқан жағдай мен адамдарды бақылауда ұстауға тырысады. Сондықтан басқалардан басым түсу үшін кейбірі осы тәсілді қолданады екен. Кейде қатты сөйлеу әңгімелесушінің сөзін бөле беруге алып келеді. Бұл оқиғаны бақылауда ұстаумен қатар, эгоизм мен тәрбиесіздікті білдіреді. Кейбірі қатты дауысты сенімділікпен байланыстырады. Алайда көп жағдайда олай емес. Көбінесе өзіне назар аудартқысы келген адамдар қатты сөйлейді деген пайым бар.
Ақырын дауыс өзіне сенімді, басқасынан артық түсуді және жұрттың назарын аударуды қажетсінбейтін адамдарға тән келеді. Кейде ақырын сөйлеу керісінше сенімсіздікті, табандылықтың болмауын да білдіреді. Мұндай дауысты адамдар көбіне тәкаппар келеді. Алайда шешім шығаруға асықпас бұрын, адамның қандай жағдайда сөйлеп жатқанын байқап, ақырын сөйлеуінің себебіне үңілген дұрыс. Ақырын сөйлейтін адамдар шулы жерде дауысын қаттырақ шығаруына тура келеді. Егер өйтпесе, ол адамға аңғарғыштық пен зеректік жетіспейді және өте өзімшіл болуы мүмкін.
Тез сөйлейтін адамдар қандай? Адамның үнемі тез сөйлейтіні мен белгілі бір жағдайға байланысты ғана тез сөйлеуін ажырата алу керек. Тез сөйлейтіндер көбіне белсенді және ойланбастан шешім қабылдай алады. Мұндай типті адамдарға кейде сақтық жетіспейді, шектен тыс импульсивтілік кей жағдайда асығыс шешім жасауға әкеп соқтырады. Кейбір жағдайларда тез сөйлеу сенімсіздік, өзіне назар аудартумен де сәйкес келеді екен. Бұл дегеніміз – өзіңді төмен бағалаумен пара-пар. Сондай-ақ әңгімелесушінің өтірік сөйлеп отырғанын білдіретін кездер де болады. Себебі, өтірік ақпараттан тезірек құтылу үшін адамның тез сөйлеуі мүмкін.
Баяу сөйлейтіндерге келетін болсақ, өзіне сенімді адамдар асықпай, байсалды және ақырын сөйлейді. Өзін жайсыз сезінген адамдардың да асықпай сөйлейтінін ескеру керек.
Ойын жеткізерде тұтығып, кекештеніп қалатындар да бар. Яғни, кейбір адамдар сөзін үзіп-үзіп жеткізеді. Пауза күтпеген жерден орын алуы мүмкін және паузаның уақыты да әрқалай ауысып отырады. Мұндай паузалар сенімсіздіктен, абыржудан, қымсынудан пайда болады. Кейде бұл шынайы сөйлемеуді байқатады, кейде керісінше. Адам ойын дәл жеткізу үшін сөз таңдап, паузаға жол береді.
Адам абыржығанда немесе өтірік айтқанда да тілі күрмелуі мүмкін. Адамның өтірік сөйлеп жатқанын білу үшін, оның көзіне, тыныс алуына, ишаратына қарау керек. Өйткені жалған сөйлеп тұрған адам, кекештенумен қоса, әңгімелесушіден көзін алып қаша береді әрі алақанымен аузын немесе бетін жабады.
Көбі дауысын қысып сөйлейтіндіктен, ол әдемі естілмейді. Жалпы, дауыс тембрі мен әдемілігіне дауыс желбезегі мен тыныс жолдары ғана емес, шаршағандық пен сөйлеу жылдамдығы да әсер етеді, сондай-ақ, денені дұрыс ұстау өте маңызды. Денені дұрыс қалыпта ұстай білудің дауысқа тигізер әсері мол. Себебі, сол кезде адамның тыныс алуы да қалыпты болады. Бұл дауыстың әдемі естілуіне кепіл болмақ.

Нұрай РАХЫМ
Айқын
16 қазан 2017 ж. 4 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам