ӘЙЕЛДЕР ЕР АДАМДАРҒА ҚАРАҒАНДА ӨМІРГЕ ҚҰШТАР – ҒАЛЫМДАР
2011 жылдан бері бақытты әйелдер саны артуда, бұған Британия ханымдары дәлел бола алады. 2016-17 жылғы соңғы рет жүргізілген сауалнамада да ерлерге қарағанда әйелдер өмірге құштар, өздерінің сүйікті және сенімді екендерін айтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі independent-ке сілтеме жасап.
Дегенмен, 2016 жылғы «ми және іс-әрекет» тәжірибе-зерттеулері қауіп-қатер төнген жағдайда ерлердің еш уайымдамайтынын, ал әйелдердің, керісінше, қатты уайымдап, қиналатынын анықтап отыр. Сонда әйелдер өздерін бақыттымыз деп алдайды ма?
Зерттеушілер не себепті әйелдердің оптимист бола тұра, қиындыққа төзе алмайтынын анықтауға тырысыпты. Белгілі болғаны, стресске түсіп, шаршап кеткен әйелдердің барлығы дерлік - бала қарап, жұмыс істеп, қос функцияны қоса атқарушылар.
Ұлттық статистика басқармасы 16 жастан асқан әйелдер мен ерлерге мына төрт сұрақты қойған:
- Қазіргі таңда сіздің өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?
- Өз ісіңіз бен кәсібіңіз қаншалықты көңіліңізден шығады?
- Кеше өзіңізді қаншалықты жақсы сезіндіңіз?
- Кеше кездескен қиындықтарды қалай бағалайсыз?
Респонденттерге 0-10 шкаласы бойынша жауап берулері сұралады. 0 – ең төменгі, ал 10 – ең жоғарғы көрсеткіш.
Ұлттық статистика басқармасының басшысы Сильвия Манклоссидің айтуынша, Англияда тұратын әйелдердің өмір сүру көрсеткіші артты. Алайда, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия тұрғындарының өмірі еш өзгермеген.
«Әр адамның денінің саулығы мен әлеуметтік қарым-қатынасы біз жүргізетін сауалнамаға тікелей әсер етеді. Сондықтан, ел экономикасының тығырықтан шығып, дағдарыстың артта қалуы адамдардың өміріне оң әсер еткен», - дейді Сильвия Манклосси.
Бір қызығы, сауалнама бойынша, 70-74 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де ең бақытты адамбыз деп жауап берген.