МУЗЫКА ДӘРІ ӘСЕРІН КҮШЕЙТЕДІ
Музыка – ұлы күш. Ол адам ағзасына да күшті ықпал етеді. Мәселен, әртүрлі зерттеулердің нәтижесінде музыка гипертонияға қарсы дәрілердің әсерін күшейтетіні дәлелденген.
Гипертония – тұрақты түрде қан қысымы жоғары болуынан туындауы мүмкін. Ол туа бітуі де мүмкін немесе уақыт өте келе түрлі күйзелістер осыған душар етеді. Бразилия және Ұлыбритания ғалымдары гипертония симптомдары бар 37 адамның қатысуымен қызықты сынақ өткізген.
Ол үшін емделушілер күн сайын дәрі қабылдағаннан кейін музыка тыңдаған. Композициялар бір сағат бойы орындалып тұрған және дәл осы уақыт ішінде әрбір 20 минут сайын дәрігерлер емделушілердің қан қысымын тексеріп отырған. Нәтижесінде ән тыңдаған уақытта жүрек соғысының жиілігі төмендегенін көрсеткен. Демек, музыкалық терапияның адамдардың қан қысымына оң ықпал ететіні анықталған. Яғни, музыка тыңдауда адамның денсаулығына жақсы жағынан әсер етеді.
Әсіресе, қан қысымы жоғары жандар, дәрі қабылдаған соң әсем әуен тыңдаса қабылдаған емінің әсері күшейе түспек.